
Қызылорда облысы Полиция департаментінде қалалық және аудандық полиция бөліністерінің жеке құрамының қатысуымен кезекті қызметтік даярлық сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталды. Сабақ барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер түсіндіріліп, қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының рақымшылық жасау туралы Заңын қолдану тәртібі қаралды. Баяндамашылар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша рақымшылық нормаларын қолданудың құқықтық негіздері мен тәжірибелік ерекшеліктеріне тоқталып, заң талаптарын іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді түсіндірді. Сабақ соңында қатысушылар көтерілген тақырыптар бойынша пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай қызметтік даярлық сабақтары полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, заңнаманы бірізді қолдануға және халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсетуге оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1254678?lang=ru

Жауап қалдыру