
28 мамыр күні Қоғамдық кеңестің төрайымы Урашева Сауле Тұрсынқызының төрағалығымен Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа Бородулиха аудандық полиция бөлімінің бастығы Абылкасымов Асет Ержанұлы, Абай облысы Бородулиха ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бельская Индира Юрьевна, Абай облысы Бородулиха ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Кабимоллаева Райхан Меариевна, Абай облысы бойынша Бородулиха аудандық «Қазақтелеком» АҚ басшысы Белендир Александр Яковлевич, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысты.
Отырыс барысында келесі мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, қаралды:
«Алаяқтық фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы»;
«Ауданда мәдени-бұқаралық мерекелік және спорттық іс-шараларды өткізуге бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі туралы»;
«Абай облысы Бородулиха ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын, сондай-ақ нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі есебін талқылау»;
««Қазақтелеком» АҚ көрсететін телекоммуникациялық қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және оларды дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары туралы».
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері баяндалған ақпараттарды назарға алып, тиісті ұсынымдар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254920?lang=ru

Жауап қалдыру