Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық жүргізілуіне байланысты, аудан әкімдігінде сайлау мәселелері бойынша Call-орталық жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Тұрғындар Call-орталық арқылы:

– өзінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметті нақтылай алады;

– өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады;

– дауыс беруге қатысу тәртібі бойынша консультациялық көмек ала алады.

Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні өзінің тіркелген мекенжайынан тыс, Баянауыл ауданының аумағында болуды жоспарлап отырған азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей К.Сәтбаев көшесі, 45, 207-кабинет  мекенжайында орналасқан  аудан әкімдігіне өтініш беруі қажет.

Аталған құқықты келесі азаматтар пайдалана алады:

– дауыс беру күні өздерінің тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатынын алдын ала білетін азаматтар;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ жатақханалардан тыс жерде тұратын басқа қаладан келген студенттер;

– вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:

8 (71840) 9-15-38, +7 747 264 40 70 (WhatsApp).

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

– дүйсенбі – жұма – сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскіүзіліс: 13:00 – 14:30);

– сенбі, жексенбі – сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Баянауыл ауданының барлық тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1255080?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді