
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, ел бірлігі мен жарқын болашақтың символы. Аз ғана уақыт ішінде әлем мойындаған заманауи мегаполиске айналған бас қаламыз мемлекетіміздің қарқынды дамуының, биік мақсаттары мен асқақ армандарының айқын көрінісі.
Елордамыз – жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің, жасампаздық пен жаңашылдықтың ордасы. Оның әрбір жетістігі – тұтас еліміздің жетістігі, әрбір белесі – Қазақстанның өркендеу жолындағы маңызды қадам.
Елордамыздың мерейі асқақтап, еліміздің бірлігі мен берекесі арта берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1255063?lang=ru

Жауап қалдыру