Лайк құрмет әкелмейді: полиция жастар мен блогерлерді жауапкершілікке шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласының 19 жастағы тұрғынының автокөлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көліктің терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған бейнероликті анықтады.

Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматтарды анықтады. Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция әлеуметтік желідегі танымалдылыққа ұмтылу заң талаптарын бұзуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс екенін атап өтеді. Мұндай әрекеттер қатысушылардың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ заң талаптарын бұлжытпай сақтауды, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметті нығайтуды көздейтін «Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберінде тұрақты түрде жүргізілуде.

Жетісу облысының Полиция департаменті жастарды, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Айналаңызға үлгі болудың ең дұрыс жолы – лайк пен қаралым үшін қауіпті әрекет жасау емес, заңды құрметтеу, қоғамға және табиғатқа жанашырлық таныту.

Естеріңізде болсын: әлеуметтік желідегі танымалдық уақытша, ал заң бұзушылық үшін жауапкершілік – нақты өмірде туындайды. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз, қоршаған ортаны қорғаңыз және «Таза Қазақстан» акциясын қолдаңыз. Заң мен тәртіп – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1255058?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді