
Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу ауылында спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау мақсатында жаңа шағын футбол алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Бұл нысан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік береді. Жаңа алаң заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі сапалы жабынмен жабдықталады деп күтілуде. Ауылдық округ әкімшілігі бұл бастама жергілікті тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ауыл өмірін жандандыра түсетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-tolengit/press/news/details/1255030?lang=ru

Жауап қалдыру