
«МАҚАНШЫ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІ ҰЖЫМЫ МЕН БАРЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин аудандық ақпарат айдынының бас айнасы – «Мақаншы айнасы» газетінің ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімдігінің атынан еліміздің, соның ішінде жаңадан бой көтерген Мақаншы ауданының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін кеңінен насихаттауға сүбелі үлес қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Журналистика – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін маңызды сала. Сіздердің халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, елге шынайы әрі сапалы ақпарат жеткізу жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.
Қаламдарыңыз ұштала берсін, шығармашылық шабыттарыңыз арта түссін, еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Мақаншы ауданы әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1255146?lang=ru

Жауап қалдыру