Ұнды фортификациялау – бұл туралы не білу керек?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда көптеген елдерде микронутриенттер, соның ішінде, темір тапшылығының мәселесі жаппай тұтынылатын тағам өнімдерін дәрумендермен және минералдармен байыту есебінен (ұн, нан-тоқаш, макарон, кондитер өнімдері, сүт өнімдері, шырындар, сусындар) тиімді шешілуде.   

Халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда 2003 жылдан бастап бірінші және жоғары сұрыпты бидай ұнын алты микронутриентпен: темірмен, мырышпен, және 4 дәруменмен (В1, В2, фолий және никотин қышқылдарымен) байыту (фортификациялау) бағдарламасы басталды. Ұнды осы алты микронутриентпен байытуға арналған премикстерді (қоспа) Қазақ тағамтану академиясы әзірлеген.

Бидай ұны келесі себептер бойынша байытуға (фортификациялауға) оңтайлы өнім болып табылады:

тұрғын халықтың барлық жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік топтарының үлкен бөлігі тұтынатын бұқаралық азық-түлік өнімі;

дәрумендер мен минералдардың олардың ағзада оңтайлы қорытылуын қамтамасыз ететін шағын күнделікті дозалары қолданылады;

қауіпсіздігі, яғни, өнімді денсаулыққа қауіпті болатын мөлшерде тұтынудың мүмкін еместігі;

қосылған дәрумендер мен микроэлементтер – астықтың табиғи құрамдас бөліктері, олардың көпшілігі тарту үдерісінде жоғалады, яғни, жаңа элементтер енгізілмейді;

құнының тұрғын халықтың ең мұқтаж бөлігіне қолжетімді болатындай тиімділігі және жоғары болмауы;

қолданымдағы технологиялық үдеріске оңай кірігіп кету (ұнтақты ұнтаққа қосу), басқа тағам өнімдерінің мұндай артықшылығы жоқ;

сыртқы түрінен, пісірілу сапасынан немесе сақтау мерзімдерінен көрініс беруі мүмкін теріс әсерлерінің болмауы.

Ең көп таралған астық дақылдары – бидай мен қара бидай өз алдарына В1, В2, В6, Е дәрумендері, ниацин, сондай-ақ, темір мен мырыштың өте жақсы көздері болып табылады.

Темірдің түрін және дәруменді-минералды кешеннің (премикс) құрамын таңдағанда келесі факторлар ескеріледі:

  • премикске кіретін ингредиенттердің үйлесімділігі;
  • кешен бидай ұнының органелептикалық қасиеттерін өзгертпеуі тиіс;
  • фортификант ұзақ уақыт сақтау үдерісінде барынша тұрақты болуы тиіс;
  • фортификация байытылған ұнға қойылатын бағаның біршама жоғарылауына әкелмеуі тиіс.

Фортификацияланған ұн мен одан даярланатын өнімдерді тұрғын халықтың барлық бөлігінің жаппай және ұдайы пайдалануына қол жеткізгенде анемияның таралуын түбегейлі төмендетуге және адамдардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізуге болады.

Үй жағдайларында жаңа өнімді пайдалану және оны тұрақты рационға қосу ағзаны дәрумендермен және микроэлементтермен қамтуды, денсаулық сақтауды едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, ал білім беру саласында оқушының оқу үлгерімін арттыруға көмектеседі.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1254730?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді