КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы, рейтингтік индикаторлардың орындалу барысы, бюджет кірістерін ұлғайту, ветеринариялық қызмет саласындағы жоспарлардың жүзеге асырылуы және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндама жасап, ауданның рейтингтік көрсеткіштері, бюджет түсімдерінің орындалуы, жоспарлы индикаторлардың орындалу деңгейі мен тәуекелдер жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Келесі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков «Telegram Bot» арқылы түскен өтініштердің орындалуы, «Ғарыш сапары» ғарыштық мониторингі аясындағы санитарлық тазалық жұмыстары, көше жарықтандыруы мен балалар ойын алаңдарының жай-күйі туралы баяндады.

Келесі мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ аудан аумағындағы көрнекі ақпараттардың жай-күйі, сыртқы жарнама нысандарын ретке келтіру және діни нысандардың сақтандырылу мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жиын барысында аудан әкімі Азат Оралбаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, жауапты бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, бюджет кірістерін ұлғайту, коммуналдық және инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету, елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіштерін арттыру, тұрғындарды газ желілеріне қосу жұмыстарын жандандыру, газға қосылу бойынша келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстарын үйлестіру, газдан уланудың алдын алу шараларын күшейту, санитарлық тазалықты сақтау, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын уақытылы орындау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою қажеттігін атап өтті

Мәжіліс қорытындысында барлық мәселелер бойынша нақты міндеттер айқындалып, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1254666?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді