
Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқыланды.
Абай облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Мират Қабытаевтың айтуынша, 2026 жылдың алғашқы алты айында өңірде 468 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген, оның 369-ы Семей қаласына тиесілі. Қазіргі уақытта 100-ден астам қылмыс ашылды.
Алаяқтар көбіне әлеуметтік желілер, жалған инвестициялық жобалар, онлайн-несиелер, банк карталарын «қорғау», лотереялар және мессенджерлер арқылы әрекет етеді. Сондай-ақ олар өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады.
Полиция азаматтарды белгісіз қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін ешкімге бермеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1255220?lang=ru

Жауап қалдыру