Астананың жаңа туристік орындары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана соңғы жылдары туристер үшін тартымды бағыттардың біріне айналып келеді. Қалаға келген қонақтар заманауи музейлерді, халықаралық көрмелерді және ерекше мәдени кеңістіктерді тамашалай алады.

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға 352,2 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Оның ішінде 67,9 мың адам – шетелдік туристер. Ал 2025 жылдың қорытындысында елордаға келген туристер саны 1,6 миллионға жеткен.
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, бүгінде қала іскерлік және медициналық туризм бағыттарын қатар дамытып келеді.

«Қазір Астанаға халықаралық форумдар мен көрмелерге, концерттерге, фестивальдерге және ем қабылдау үшін келетін туристер саны артып келеді. Біздің міндетіміз – туристерге қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру. Қалада бүгінде 100-ден астам туристік нысан жұмыс істейді, ал алдағы жылдары жаңа қонақүйлер мен демалыс орындары пайдалануға беріледі», – дейді Мақсат Жаңабаев.

Толығырақ: «Астананың жаңа туристік орындары: қайда барып, не көруге болады?» мақаласында.
https://el.kz/astananyn-zhana-turistik-oryndary-qayda-baryp-ne-koruge-bolady_400049544/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1254636?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді