
Ақтау қаласында ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын «Кездесу» жанар-жағармай құю бекетінен 31А және 31Б шағын аудандарының қиылысына дейінгі автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме жолдың ескі жиектастарын демонтаждап, олардың орнына жаңа жол жиектастарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстарының келесі кезеңінде жол негізін дайындау және жаңа асфальт-бетон жабынын кезең-кезеңімен төсеу жоспарланған.
Аталған жолды жаңғырту көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жол сапасын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Осыған байланысты жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде уақытша туындауы мүмкін қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардан уақытша енгізілген қозғалыс сызбасын сақтап, жол белгілерінің талаптарына мұқият назар аударуды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1254603?lang=ru

Жауап қалдыру