«Спорт – достық алаңы» акциясы аясындағы «Аулалық лига» аудандық футбол турниріне өтінім қабылдау басталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«СПОРТ ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ

«ДВОРОВАЯ ЛИГА» АУДАНДЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Спорт достық алаңы» акциясы аясында Әуезов ауданындағы аула жастары арасында «Дворовая Лига» аудандық футбол турнирі өткізіледі.

1.2. Турнирдің мақсаты:

  • балалар мен жасөспірімдерді бұқаралық спортқа тарту;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • аула футболын дамыту;
  • талантты жас футболшыларды анықтау;
  • балалар мен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

 

  1. Өткізу мерзімі мен орны

2.1. Турнир 2026 жылдың шілде айында өткізіледі.

2.2. Ойындар Әуезов ауданындағы аулаларда орналасқан шағын футбол алаңдарында өтеді.

 

  1. Қатысушылар

3.1. Турнирге Әуезов ауданының аумағында тұратын және аула футболымен тұрақты түрде айналысатын әуесқой балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.

3.2. Турнирге келесі жас санаттары бойынша командалар қатысады:

  • кіші жас тобы – 8-10 жас;
  • орта жас тобы – 12-14 жас.

3.3. Команда құрамында 8-ден 12-ге дейін ойыншы болуы тиіс.

3.4. Ойын барысында алаңға бір мезгілде 5 ойыншы және 1 қақпашы шығарылады.

3.5. Қатысушылар жарысқа өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес жас санаттары бойынша қатысады.

 

  1. Турнирді өткізу тәртібі

4.1. Турнир топтық және плей-офф жүйесі бойынша өткізіледі.

4.2. Жарыстың нақты форматы командалар санына байланысты ұйымдастыру комитетімен бекітіледі.

4.3. Жеңіс үшін – 3 ұпай, тең ойын үшін – 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай беріледі.

4.4. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар келесі кезеңге өтеді.

 

  1. Финалдық кезең

5.1. Турнир қорытындысы бойынша ең үздік екі команда Әуезов ауданы әкімінің кубогы үшін өтетін «Дворовая Лига» финалдық жарысына жолдама алады.

5.2. Финалдық кезеңде ауданның үздік аула командалары бақ сынайды.

 

  1. Марапаттау

6.1. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

6.2. Сондай-ақ үздік ойыншы, үздік қақпашы және үздік шабуылшы аталымдары бойынша арнайы марапаттар табысталуы мүмкін.

 

  1. Қорытынды ережелер

7.1. Турнирге қатысу арқылы қатысушылар осы Ережемен толық келісетінін растайды.

7.2. Осы Ережеде қарастырылмаған мәселелер ұйымдастыру комитетінің шешімімен реттеледі.

Ұраны / Девиз турнира:
«Әр ауладан – чемпион! / Из каждого двора – чемпион!»

 

  1. Өтінім беру тәртібі

8.1. Турнирге қатысу үшін командалар 2026 жылғы 10 шілде мен 15 шілде  аралығында өтінімдерін ұсынуы тиіс.

8.2. Өтінімдер ұйымдастыру комитетінің 8 776 546 36 03 байланыс нөміріне WhatsApp арқылы немесе белгіленген тәртіппен қабылданады.

8.3. Өтінім келесі үлгі бойынша толтырылады:

Қатысушының аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Мектебі

Сыныбы

Тұрақты мекенжайы

Ата-анасының (заңды өкілінің) аты-жөні

Қызмет орны, лауазымы

Байланыс телефоны

Дәрігердің анықтамасы

1

               

 

2

               

 

8.4. Әрбір қатысушы өтінімге денсаулық жағдайы бойынша спорттық жарыстарға қатысуға рұқсат берілгені туралы дәрігердің анықтамасын қоса ұсынуы тиіс.

8.5. Медициналық анықтамада дәрігердің қолы, медициналық мекеменің мөрі және анықтаманың жарамдылық мерзімі көрсетілуі міндетті.

8.6. Толық әрі дұрыс рәсімделмеген өтінімдер ұйымдастыру комитетінің қарауына қабылданбауы мүмкін.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1255263?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді