Жастармен әскери-патриоттық бағыттағы кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы мен облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Ә. Хамзин Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернатына» барып, білім беру ұйымының қызметімен танысты.

Сонымен қатар, басқарма басшысы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесу өткізіп, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, әскери қызметтің қоғамдағы маңызы, азаматтық жауапкершілік, тәртіп пен адал қызмет қағидаттары туралы дәріс оқыды. Кездесу барысында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, елге қызмет етудің маңыздылығы және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара соңында Байболат Ерлан Бейсенұлы жастарға оқуда табыс, ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілеп, әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған мұндай кездесулердің жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы маңызы зор екенін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1255265?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді