БОС ЖАТҚАН АЛҚАПТАР ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
✔️Осы бағытта аудан әкімінің тапсырмасымен бірқатар ауқымды көгалдандыру және абаттандыру жобалары жүзеге асырылды.
✔️Атап айтқанда, Шымкент бағытына кіреберіс жолдың екі қапталындағы жалпы аумағы 8 гектар жерге 8700 түптен астам ағаш көшеті отырғызылды. Оның бір жағына 3200 түп, екінші жағына 5500 түп ағаш егілген. Мұнда алма, шие, өрік, тұя, можжевельник, жиде, қарағаш және үйеңкі ағаштары өсірілуде. Барлық көшеттер заманауи тамшылатып суару жүйесіне қосылған.
✔️Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарын «Темірлан абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары тұрақты жүргізуде. Көшеттерді суару, баптау, аумақты күтіп ұстау жұмыстары күнделікті бақылауда.
✔️Сонымен қатар, Амангелді бұрылысы маңында ауданның көркін айшықтайтын жаңа сәндік бақ жасақталды. Аталған аумаққа алма, ақ шетен, қызғылт сирень, ақ терек, қызыл канада терегі, сәндік тал (ива), лигуструм, күміс шырша, катальпа, туя, можжевельник, құрма өрік және лаванда көшеттері отырғызылды. Егілген ағаштар мен сәндік өсімдіктерге тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл жеміс ағаштарының алғашқы өнім бере бастауы атқарылып жатқан көгалдандыру жұмыстарының нәтижелілігін көрсетеді.
✔️Бұдан бөлек, ауданның кіреберіс аумақтарында қоршаулар сырланып, газондар суарылып, шөп шабу және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
✔️Аудан әкімі Азат Оралбаев көгалдандыру жұмыстарының барысын арнайы аралап көріп, жаздың аптап ыстығында ағаш көшеттерін күтіп-баптау жұмыстарын күшейтуді, суару жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді және егілген әрбір көшеттің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
✔️Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстардың басты мақсаты – бұрын бос жатқан аумақтарды жасыл желекке айналдырып, ауданның кіреберіс келбетін көркейту, қолайлы экологиялық орта қалыптастыру және өңірдің эстетикалық келбетін арттыру.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1255298?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді