
Ұлытау облысындағы құрылыс алаңдарында мұнаралы крандарға кезектен тыс бақылау шаралары жүргізілуде.
Өндірістік апаттардың алдын алу мақсатында облыстық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары өңірдегі техникалардың жай-күйін тексеруде.
Анықталған кемшіліктерге байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмеген крандардың жұмысы ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы мен Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы №443 бұйрығы негізінде уақытша тоқтатылып, пломбаланды. Бұл қадағалау жұмыстары құрылыс нысандарындағы өндірістік тәуекелдерді азайтуға және төтенше жағдайлардың болдырмауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1254556?lang=ru

Жауап қалдыру