Придорожное ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Придорожное ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Ауыл тұрғындары, ұйым қызметкерлері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері бірлесіп, елді мекен аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.

Акция барысында көшелер, қоғамдық аумақтар, саябақтар мен іргелес аумақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылуда, жол жиектері мен ортақ пайдаланылатын аумақтар қоқыстан тазартылуда. Мұндай іс-шаралар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Акцияға белсенді қатысып, туған ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосып жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана Придорожное ауылын таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-voronezh/press/news/details/1255540?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді