ОСК-ҒА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 87-бабында көзделген кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну рәсімі шеңберінде ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттар келіп түсті.

Ұсынылған құжаттарды Орталық сайлау комиссиясы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі екендігін атап өтеміз.

Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну 2026 жылғы 13 шілде, сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1255617?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді