«Астана – ел жүрегі, ел ертеңі» атты кітап көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

6 шілде – Астана күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Орталық кітапханасында «Астана – ел жүрегі, ел ертеңі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарды еліміздің бас қаласының қалыптасу тарихымен, тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерімен таныстыру, Астананың ел өміріндегі тарихи, саяси және мәдени маңызын насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыру.

Көрмеде кітапхана қорынан Астананың елорда ретінде қалыптасу жолы, заманауи сәулет өнері, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өмірі мен көрікті нысандары туралы кітаптар, энциклопедиялық басылымдар, фотоальбомдар және мерзімді басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен елорданың даму тарихына арналған әдебиеттер де кеңінен таныстырылды.

Кітапханашы келушілерге көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, Астананың бүгінгі келбеті, оның халықаралық деңгейдегі беделі мен еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше орны туралы мазмұнды ақпарат берді. Оқырмандар елорданың өткені мен бүгініне қатысты тың деректермен танысып, оның ел бірлігі мен тәуелсіздігінің, тұрақтылық пен жасампаздықтың символына айналғанына көз жеткізді.

Көрме келушілердің қызығушылығын тудырып, тарихи-танымдық әдебиеттерге деген сұранысты арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастардың туған елдің тарихын тереңірек тануына ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1255734?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді