
Есіл өзенінің жағалауында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Өмірді таңдаймын» атты профилактикалық акция өтті.
Іс-шара «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы мен «Заң және Тәртіп» нарративі аясында «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің, аудан прокуратурасының, Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, «САНА» қоғамдық қоры мен SANASEZIM психологиялық көмек көрсету орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Акция барысында тұрғындар мамандардан кеңес алып, тақырыптық интерактивтер мен шығармашылық бағдарламаға қатысты. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен психологтар нашақорлықтың алдын алу, есірткіні қолданудың салдары және көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1255745?lang=ru

Жауап қалдыру