Жетісу облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректері анықталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Жыл басынан бері өңірде алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзудың 60-қа жуық дерегі анықталып, жолы кесілді.

Кезекті құқық бұзушылық Алакөл ауданындағы дүкендердің бірінде анықталды. Тексеру барысында сатушының алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақыт талабын бұза отырып сатқандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, жыл басынан бері алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сату бойынша 40-қа жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Полицейлер заң талаптарын сақтау «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі талаптарының бірі екенін атап өтеді. Алкоголь өнімдерінің заң талаптарына сәйкес сатылуын бақылау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Жетісу облысының Полиция департаменті сауда орындарының иелерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1255771?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді