Әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен әкімшілік заңнаманы қолдану кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына судьялар, құқық қорғау, мемлекеттік және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Облыс прокуроры әкімшілік заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологемасы мен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету қажеттілігіне назар аударды.

Сондай-ақ «Қауіпсіз Өңір» жобасы аясында қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі қауіпті орындарды анықтау мен оларды абаттандырудың маңыздылығына тоқталды.

Отырыс барысында әкімшілік іс жүргізу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне кешенді баға берілді.

Биылғы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіру деңгейі 88%-ды құрады.

Сонымен қатар әкімшілік заңнаманы қолданудың проблемалық мәселелеріне де назар аударылды.

Мәселен, прокурорлар 1,5 мыңнан астам заң заңдылықты бұзушылықтарды, оның ішінде 551 азаматты әкімшілік жауаптылыққа тартуда заң талаптарының сақталмағанын анықтады.

Отырыстың қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуге және тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар айқындалды.

Сондай-ақ жазғы уақытта азаматтардың жаппай демалыс орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1255861?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді