Ардагердің ақылы – жас полицейлерге бағыт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында Ішкі істер органдарының ардагері, ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары, әділет подполковнигі Мұсахан Көлбаевтың қатысуымен жас полиция қызметкерлеріне арналған тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында ардагер құқық қорғау саласында жинақтаған мол тәжірибесімен бөлісіп, полиция қызметінің басты қағидаттарының бірі – адалдық, әділдік және халыққа қалтқысыз қызмет ету екенін ерекше атап өтті.

«Әрбір полиция қызметкері өз міндетін әділ атқарып, халықтың алғысы мен батасына ие болуы тиіс. Ел сеніміне ие болу – үлкен жауапкершілік», – деген Мұсахан Көлбаев ішкі істер органдарының қатарына жаңадан қабылданған жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, олардың кәсіби қызметіне сәттілік тіледі.

Тағылымды кездесу қалалық саябақта еркін форматта ұйымдастырылып, жас полицейлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ардагердің өмірлік тәжірибесі мен қызметтік жолынан тағылым алды. Мұндай кездесулер жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, патриоттық рухын нығайтуға және халыққа адал қызмет ету қағидатын берік ұстануына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1255874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді