
Семинардың негізгі мақсаты – жастармен жұмыс істейтін мамандардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және уақтылы психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шараға 100-ден астам маман қатысты. Оның ішінде 70 қатысушы офлайн форматта, 30 қатысушы онлайн форматта семинар жұмысына қосылды.
Семинарға жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары, жастар денсаулық орталықтарының психологтері, полиция өкілдері, Психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері және жастармен жұмыс істейтін өзге де мамандар қатысты.
Семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген «Абай облысының жастар жөніндегі саясат басқармасы» ММ басшысы Бейсенбаев О.Т. жастардың психикалық денсаулығын сақтау, суицидтің алдын алу және осы бағыттағы ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1255867?lang=ru

Жауап қалдыру