Аманбөктер ауылында жаңа шағын орталық алаң мен шағын саябақ ел игілігіне берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарқан ауданының Аманбөктер ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бой түзеген жаңа шағын орталық алаң мен шағын саябақтың салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы шекаралық әрі таулы аймақта орналасқан елді мекендердің дамуы әрдайым аудан назарында екенін, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылы Аманбөктер ауылында жаңа әкімдік ғимараты мен медициналық пункт пайдалануға беріліп, ауылға кіреберістегі 3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биыл ауыл тұрғындарының игілігіне заманауи шағын орталық алаң мен шағын саябақ ұсынылып, елді мекеннің көркі мен тұрғындардың демалысына арналған қоғамдық кеңістік тағы бір маңызды нысанмен толықты.

Жаңа шағын алаң мен шағын саябақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалардың алаңсыз ойнап, ауыл жұртшылығының бас қосатын жайлы орнына айналмақ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1255876?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді