Медиасауаттылық және жалған ақпараттың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпараттық кеңістікте жалған ақпараттың таралуының алдын алу, азаматтардың медиасауаттылық деңгейін арттыру және сенімді ақпарат көздерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға медиасауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда таралатын жалған ақпараттың белгілері, оның қоғамға тигізетін кері әсері және мұндай ақпараттың таралуына жол бермеу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Кездесу барысында азаматтарға ақпараттың шынайылығын тексерудің негізгі қағидалары таныстырылды. Атап айтқанда, ақпараттың жарияланған дереккөзіне назар аудару, бірнеше ресми және сенімді ақпарат көздері арқылы салыстырып тексеру, жарияланымның шыққан күніне мән беру, арандатушылық немесе эмоцияға құрылған тақырыптарға сын көзбен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сондай-ақ қатысушыларға тек ресми мемлекеттік органдар мен сенімді бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенудің маңыздылығы айтылып, тексерілмеген ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратпау жөнінде ұсыныстар берілді.

Осындай түсіндіру жұмыстары тұрғындардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және жалған ақпараттың таралуының алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1255916?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді