Қостанай облысы ТЖД-де өрт қауіпсіздігі саласындағы үздік мемлекеттік инспектор анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттыру, практикалық дағдыларын жетілдіру, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ мемлекеттік инспектор мамандығының беделін көтеру. Байқау бағдарламасы аясында Техникалық нормалау бөлімінің қызметкерлері қатысушыларға «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарын түсіндіру бойынша практикалық сабақ өткізді. Ерекше назар жалпы білім беру ұйымдары мен биік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарына аударылды.Байқау кәсіби тәжірибе алмасуға, инспекторлардың құзыреттілігін көрсетуге және өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған тиімді алаңға айналды.

 Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 І орын – Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Арлан Амангелдіұлы Майлыбаев.

 ІІ орын – Бейімбет Майлин ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Қайыржан Серікұлы Жұмақанов.

 ІІІ орын – Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Жәнібек Қуандықұлы Ибраев.

 Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби қызметте толағай табыс, жаңа жетістіктер және ел қауіпсіздігі жолындағы абыройлы еңбекте сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1255927?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді