
Жазғы шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдар мен жауапты мекемелердің басты назарында.
Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қарақия ауданының орталығы – Құрық ауылындағы теңіз жағажайында демалушылар мен аудан тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алдын алу және сақтандыру шараларын ұйымдастыру мақсатында құрылған рейдтік топтың құрамына аудан әкімінің орынбасары, Құрық ауылы әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері кірді.
Іс-шара барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау және белгіленбеген орындарда суға түспеу қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255967?lang=ru

Жауап қалдыру