
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Оқу барысында ӨСБ бастықтары, қарауыл бастықтары (аға инженерлер), сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің аға шеберлері қатысты.
Семинар барысында өрттерді сөндіру жоспарларын әзірлеу және қайта өңдеу тәртібі, газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыру туралы қызметтік құжаттарды дұрыс жүргізу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлініп, төтенше жағдайлар кезінде жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бөлімшелердің жедел әрекет ету қабілеті тексерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1255984?lang=ru

Жауап қалдыру