«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында дөңгелек үстел өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» алаңында кәмелетке толмағандар мен жастардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Қ. Ерғазинов   кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жұмысқа алу барысында еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, жұмыс берушілердің міндеттері мен жасөспірімдердің еңбек құқықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, осы отырыста құқықтық мәдениетті арттыру және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда заңға құрмет қағидатын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1256042?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді