
Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылындағы Бисен Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып түлегі Ғани Ұлдана Ұлттық бірыңғай тестілеуде 136 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті.
Ұлдана – білім мен ғылым жолындағы ізденісімен ерекшеленген дарынды шәкірт. Ол ауыл оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың және пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері ретінде бірнеше жыл бойы білім бәйгелерінде мектебінің абыройын асқақтатып келеді.
ҰБТ-дағы бүгінгі жоғары көрсеткіш – оның табанды еңбегінің, сапалы білімінің, мақсатқа деген ұмтылысының және жүйелі дайындықтың жарқын жемісі.
Бұл жетістік – шәкірттің ғана емес, кәсіби шеберлігімен білім берген ұстаздарының және әрдайым қолдау білдіріп, сенім артқан ата-анасының ортақ жеңісі.
Жас түлекке алдағы білім жолында толағай табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1256217?lang=kk

Жауап қалдыру