
Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының түлегі Кабаева Адина Ұлттық бірыңғай тестілеуде 135 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті.
Бұл жетістік – сапалы білімнің, жүйелі дайындықтың және табанды еңбектің нәтижесі. Адина оқу жылдары бойы білімге деген ынтасымен, жауапкершілігімен және жоғары оқу жетістіктерімен ерекшеленді.
Кабаева Адинаны жарқын жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы оқу жолында толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1256240?lang=kk

Жауап қалдыру