
Павлодар облысының аумағында жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және борышкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
– Мәселен, облыс орталығында Chevrolet Nexia автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Оның иесіне тиесілі көлік құралына жалпы сомасы 6 миллион теңге көлеміндегі берешекке байланысты тыйым салынған. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Иесі барлық берешегін толық өтегеннен кейін ғана көлігін қайта ала алады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Тимур Хисматуллин.
Полиция жүргізушілерді көлік тәртібін қатаң сақтауға шақырады және мүліктің тәркіленуіне жол бермеу үшін барлық берешекті уақытылы өтеуді ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1256276?lang=ru

Жауап қалдыру