Жол картасының орындалу барысы зерделенді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы «Жамбыл облысындағы әскерге шақыру пункттерін қалпына келтіру, жабдықтауды қажет ететін және өзге де мәселелер бойынша 2025–2026 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» өкімінің орындалу барысын зерделеу мақсатында ұйымдастырылды.

Сапар барысында басқарма басшысы Байзақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметімен танысып, әскерге шақыру пунктінің жай-күйін, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін, сондай-ақ бөлімнің қызметтік инфрақұрылымының жағдайын зерделеді.

Басқарма басшысы әскерге шақыру пунктінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына және  материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейіне оң баға берді. Сонымен қатар, қызметтің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1256289?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді