
Құрметті достар!
Баршаңызды бүгінгі ұлтымыздың ұлық мерекесі – Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Домбыра – қазақ тарихымен бірге жасап келе жатқан төл мәдениетіміздің алтын діңгегі. Шертпе күйдің Отаны атанған шежірелі өлкемізде домбыраны дәріптеу жоғары деңгейде. Оған кешегі күні киелі топырақта өсіп – өніп, оң саусағынан күй төгілген дәулескер күйшілеріміз бен таңдайлары тамылжыған талантты әншілеріміз салған ордалы мектептің жемісті нәтижесі деп білемін. Бүгінде ауданымыздың өнерпаз ұл – қыздары ұлтымыздың ұлы мұрасын сырт жерлерде насихаттап, түрлі дәстүрлі ән, күй байқауларында биік белестерден көрінуде.
Сондықтан ауданымыздағы барша домбырашы жандарға жүрекжарды алғысымды білдіре отыра, еңбектеріне шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеймін!
Әр қазақтың төрінде домбыраның шанағынан шаттықты күй шалқып, әсем әндер әуелей берсін!
Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1256339?lang=ru

Жауап қалдыру