Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындарына «Тегін заң консультациясы» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10.07.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Көксу ауданының әкімдігі, Көксу ауданының прокуратурасымен бірлесіп және Жетісу облысы нотариаттық палатасы, Жетісу облысы адвокаттар алқасы мен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өнірлік палатасының өкілдерінің катысуымен Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Тегін заң консультациясы» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық консультация жүргізілді. Сонымен қатар жаңа Конституция бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 83 ауыл тұрғынына құқықтық көмек көрсетілді. Акция барысында жалған (номиналды) заңды тұлғалардың, жалған кәсіпкерлердің және жалған бір күндік фирмалардың қызметін алдын алу мақсатында тұрғындарға аталған іс-әрекеттердің заңға қайшы екендігіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді және тиісті материалдар (кітапшалар) таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1256392?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді