
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері “Елтану“ жобасы аясында эссе байқауына қатысты!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен республикада «Елтану» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Осы жобаның аясында таяуда Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында эссе байқауы өтті.
Шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің елдің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық әлеуетін дамыту.
«Адал азамат – Әділеттті Қазақстанның тірегі», «Құрылтай және Елтану: менің Қазақстаным», «Абай мұрасы – мәңгілік рухани қазына» тақырыптарын қамтыған эссе байқауына Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы Шмалиев Ермек Серікұлы және экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бозакаева Венера Алдиарқызы қатысып, жоба аясындағы іс-шараға белсенді атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1256390?lang=ru

Жауап қалдыру