Көлік полициясында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көліктегі полиция департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалған кеңейтілген жедел кеңес өтті. Оған департамент басшылығы, аппарат қызметтерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық бөліністердің басшылары мен жеке құрамы қатысты.

«Ішкі істер органдарының қызметі «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу мен тергеу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – көлік полициясының басымдыққа ие бағыттары болып қала береді. Бұл – біздің күнделікті жұмысымыздың маңызды бөлігі», – деді кеңесті ашқан Көліктегі ПД бастығы Абзал Жұматаев. Бұдан соң ол жеке құрамға Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ішкі істер министрінің берген негізгі талаптары мен нұсқауларын жеткізді.

Жедел-қызметке қатысты негізгі баяндаманы Департамент бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов жасады. Оның айтуынша, есепті кезеңдегі көлік полицисы қызметінің басты нәтижесі – Департаменттің қызмет көрсету учаскелердегі жедел жағдайдың тұрақтылығы болды.
Осы жылдың басынан бері Департаментте 562 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, жалпы қылмыстардың ашылуы 86,7%-ды құрады. Қабылданған профилактикалық іс-шаралардың арқасында қылмыс деңгейі 12,8%-ға, қылмыстық теріс қылықтар саны 29,2%-ға төмендеді. Ал бұзақылық пен тонау фактілері 100%-ға азайды.

Қылмыскерлерді іздестіру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Есепті мерзім ішінде түрлі қылмыстар жасағаннан кейін ішкі істер органдарынан бой тасалап жүрген 72 адам ұсталды.
195 есірткі құқық бұзушылығы тіркеліп, заңсыз айналымнан 171 келі түрлі есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар есірткі контрабандасының 16 дерегі анықталды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Әкімшілік практика бағыты бойынша 49 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Жедел кеңесте Көліктегі ПД бастығы бөліністердің қызметінде кемшіліктер бар екенін және олардың жұртшылықтың назарынан тыс қалмайтындығын айтты. Мұндай олқылықтарға жол бермеу үшін полиция мен қоғам арасындағы серіктестікке негізделген өзара іс-қимыл моделін құру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру және басқару тиімділігін арттыру қажет. Ол үшін кадр саясатын жетілдіру керек, атап айтқанда, қызметтік-жауынгерлік даярлықты нығайтуды, тәртіп пен заңдылықты сақтауды, сонымен қатар жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты мәселелерді тиімділікті арттыру құралы ретінде қарастыру керек.

Кеңес соңында А. Жұматаев Департаменттің қызмет көрсететін учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бойынша аумақтық бөліністердің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1256574?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді