
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалар жарақаттануының алдын алу балалардың денсаулығын сақтаудың және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етудің маңызды бағыты екенін еске салады.
Балалардың қауіпсіздігі білім беру ұйымдарында санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына тікелей байланысты. Жабдықтардың жарамды болуы, үй-жайлар мен аумақтардың қауіпсіз жағдайда ұсталуы, жеткілікті жарықтандыру, уақтылы тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жарақат алу қаупін едәуір төмендетіп, инфекциялық асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Тіпті терінің болмашы зақымдануы да уақтылы өңделмеген жағдайда инфекцияның ағзаға енуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, алғашқы көмекті дұрыс көрсету және қажет болған жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгіну ерекше маңызға ие.
Балалар жарақаттануының алдын алуда педагогтердің, ата-аналардың және медицина қызметкерлерінің бірлескен жұмысы шешуші рөл атқарады. Ол үшін жарақат алу қаупін тудыратын факторларды дер кезінде анықтап, жоюмен қатар, балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу қажет.
Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, санитариялық талаптарды сақтау және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу балалар жарақаттануы деңгейін төмендетуге, олардың денсаулығын сақтауға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1256570?lang=ru

Жауап қалдыру