СЖРА Қазақстандағы демографиялық процестерді талдаудың жаңа тәсілдерін ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Агенттікте Демографиялық ахуалды бағалау жөніндегі ұлттық баяндаманың тұжырымдамасы, Өңірлердің демографиялық тұрақтылығы индексінің әдіснамасы және демографиялық процестерді талдаудың заманауи тәсілдері талқыланды.

2026 жылғы 10 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұйымдастырған «Тәуекелдерден тұрақтылыққа: Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы» тақырыбындағы «Josparlaý» сараптамалық-диалогтік клубының отырысы өтті.

Отырысты ашқан Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов «Josparlaý» сараптамалық-диалогтік клубы әлеуметтік-экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін ашық әрі кәсіби тұрғыда талқылау мақсатында құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол кезекті отырыс демографиялық даму мәселелеріне және осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге арналғанын айтты.

Сараптамалық алаң жұмысына Ұлттық статистика бюросының, Дүниежүзілік банктің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA), Қазақстандық қоғамдық даму институтының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының, Қазақстан Республикасы Философия, саясаттану және дінтану институтының, сондай-ақ өзге де ғылыми және сараптамалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс аясында Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығы қызметінің аралық қорытындылары ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар демографиялық процестерді мониторингтеу және болжау жүйесін жетілдіру, зерттеулердің әдіснамалық базасын дамыту, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді әзірлеу барысында ғылыми негізделген тәсілдерді қолдану мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасындағы Демографиялық ахуалды бағалау жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеуге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға құжаттың болжамды құрылымы және елдің демографиялық дамуын кешенді бағалауды қалыптастырудың негізгі тәсілдері таныстырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA)өкілдері атқарылған жұмысқа және Ұлттық баяндаманы әзірлеудің тұжырымдамалық тәсілдеріне оң баға берді.

Сонымен қатар сарапшылар демографиялық процестерді әлеуметтік-экономикалық, аумақтық және медициналық-әлеуметтік факторлармен өзара байланыста қарастыру қажеттігін атап өтті. Мұндай тәсіл халықтың жас құрылымындағы өзгерістерді, туу мен өлім-жітім көрсеткіштерін, көші-қонды, репродуктивтік мінез-құлықты және басқа да демографиялық процестерді кешенді бағалауға мүмкіндік береді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеп жатқан Өңірлердің демографиялық тұрақтылығы индексінің әдіснамасын талқылау болды. Индекс өңірлік деңгейдегі демографиялық процестердің жай-күйі мен серпінін кешенді бағалауға, аумақтық теңгерімсіздіктер мен демографиялық тәуекел факторларын айқындауға арналған.

Дүниежүзілік банктің жетекші экономисі, Индекс әдіснамасының тең авторы Михаил Локшиннің қатысуымен өткен сараптамалық пікірталас барысында индикаторлар жүйесін қалыптастыру тәсілдері, көрсеткіштерді агрегаттау қағидаттары және Индексті өңірлік демографиялық үрдістерді талдау кезінде практикалық қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Ұсынылып отырған әдіснама ел өңірлерінің демографиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, басқарушылық шешімдер қабылдаудың талдамалық негізін кеңейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бұдан бөлек, қатысушыларға «Демографиялық және медициналық-әлеуметтік процестер контексіндегі репродуктивтік денсаулық және ана денсаулығын қорғау: заманауи үрдістер мен бағалау» атты талдамалық баяндама ұсынылды. Баяндамада халықтың репродуктивтік денсаулығы, ана денсаулығын қорғау және демографиялық дамуға әсер ететін факторлар саласындағы үрдістерді зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар сараптамалық бағаларымен және ұсыныстарымен алмасты. Олар Қазақстан Республикасындағы демографиялық ахуалды бағалау жөніндегі ұлттық баяндаманы одан әрі әзірлеу, Өңірлердің демографиялық тұрақтылығы индексінің әдіснамасын жетілдіру және демографиялық процестерді талдау мен болжау жүйесін дамыту барысында ескерілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1256621?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді