Бүгін аудан әкімінің м.а. Нұрпейіс Ақбаев бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі құрылысты бұзу, электр бағаналарын қалыпқа келтіру, ауыз су, көпір мен зағиптар мәселелерін көтерді.
Жеке қабылдау барысында әрбір өтініш мұқият қаралып, тұрғындарға нақты түсініктемелер берілді. Сондай-ақ тиісті шешім қабылдау бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Жауап қалдыру