Т. Рысқұлов ауданында облыстық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т. Рысқұлов ауданында кәмелетке толмағандар арасында орын алған соңғы оқиғаларға байланысты облыстық комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу, сондай-ақ тәуекел тобындағы балалармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Далабаев Бақкелді Ғабдуллаұлы баяндама жасады.

Отырыста аудандық полиция бөлімінің бастығы М. Қуанышбековтің, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Азарқұлованың және аудандық аурухананың бас дәрігері А. Бекебаеваның есептері тыңдалды.

 Комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын алу шараларын күшейту, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды уақтылы анықтап, Отбасын қолдау орталықтары арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде Т. Рысқұлов ауданы әкімдігіне нақты міндеттер белгіленді.

Балалардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жеке бақылауымда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/childrenrights-zhambyl/press/news/details/1256713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді