
Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары және «Игілік», «Береке», «Жайлау» жаңа кредиттік өнімдері бойынша ақпараттандыруға арналған кеңес өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, «Даму» қорының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның, «Халық Life» өмірді сақтандыру компаниясының және «Көкше» ӘКК» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу және жеңілдетілген кредит алу шарттары түсіндіріліп, қатысушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1256921?lang=ru

Жауап қалдыру