
Департамент бүгін мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізудің екінші кезеңін Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Төлеби, Мақтаарал, Шардара аудандарынан бастады.
Еске салайық, мониторингтің бірінші кезеңінде білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық деңгейі білім бөлімдері ұсынған мәліметтер мен Ұлттық білім беру деректер қорындағы ақпараттар негізінде сараланған болатын.
Ал, екінші кезеңде ұсынылған мәліметтердің нақты жағдайға сәйкестігі білім беру ұйымдарына барып зерделенуде.
Мониторинг барысында мектептердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, оқу кабинеттері, инженерлік желілер, спорт және акт залдары, асханалардың жай-күйі, сондай-ақ мектеп аумақтарының абаттандырылуы бағалануда.
Департамент тарапынан мониторингте анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар беріледі.
Мониторингтің басты мақсаты – мектептердің жаңа оқу жылына сапалы әрі уақытылы дайындалуын қамтамасыз етуге, білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1256877?lang=ru

Жауап қалдыру