Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша өткен жиналыстың ХАТТАМАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша өткен жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                                                                        «10» шілде 2026 жыл.

 

          Төрағалық еткен: Абдралиева Сандугаш Ермахановна – «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) басшысы.

 

          Қатысқандар: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы, басқарманың бөлім басшылары және бас мамандары (тізімі қоса тіркелген).

 

Күн тәртібі:

 

  1. Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы;
  2. Әр-түрлі мәселелер.

 

Төрайым С.Абдралиева басқарма жиналысын ашып, жүргізіп отырды.                 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша төрайым басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының хатшысы, басқарманың бас маманы-заңгері Нуржан Сайлауханович Ашановқа сөз берді.

Н.Ашанов басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Атап айтқанда, басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы                                  21 қарашада № 14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде жүргізілгендігін баяндады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппарат басшысы Л.Ілебаевпен 2026 жылғы  «17» сәуірінде бекітілген 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілгендігін жеткізді.

 Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының хатшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялап, талқылауға салды. Осы мәселеге қатысты қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 

С.Абдралиева күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылай келе төмендегідей шешім етті: 

  1. Басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша баяндамашының хабарламасы назарға алынсын.
  2. Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін кезкелген себептер мен салдарларды анықтаған жағдайда аталған комиссияның құзырына қарауға енгізсін. Орындау мерзімі: Тұрақты.
  3. Басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобы құрамы комиссиясы (Н.Мыхаев):

– басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің қорытындысы нәтижесінде нақты анықталған себептер анықталған жағдайда оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдасын; Орындау мерзімі: Тұрақты.

–   сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін; Орындау мерзімі: 10.07.2026ж.

–  басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің материалдарын басқарманың интернет-ресурсында орналастырсын Орындау мерзімі: 10.07.2026ж.

  1. Осы хаттаманың орындалуына бақылау жасау басқарма басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының төрағасы Н.Мыхаевқа жүктелсін.

         

         

Кеңес жиналысының төрайымы, облыс

әкімдігінің экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы                                          С.Абдралиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттамалаған.: Н. Ашанов,

     телефоны.: 43-44-60.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-economy/press/news/details/1256834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді