
2026 жылғы 8 шілдеде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті, оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нурымбет Аманұлы Сақтағанов қатысты.
Сессияда «Шемонаиха ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы» мәселе қаралды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов Шемонаиха ауданының әкімі лауазымына Ержан Айткенұлы Шурмановтың кандидатурасын депутаттық корпуспен келісу үшін ұсынды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының VIII шақырылған депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/details/1257245?lang=ru

Жауап қалдыру