
Бөкей хандығының 225 жылдық мерейтойы аясында жыл сайынғы дәстүрге айналған ауылдық округтердің аудан орталығына келіп, тұрғындар мен қонақтарға концерттік бағдарламаларын ұсыну игі бастамасы биыл да жалғасын тапты.
Мәдени керуеннің кезекті шымылдығын Бөрлі ауылының көркемөнерпаздары «Бөкей ордам – бабалар аманаты» атты концерттік бағдарламасымен ашты.
Кеш барысында туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтар мен ата-баба мұрасы ән мен күй, ұлттық би және сахналық қойылымдар арқылы көрініс тауып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1257141?lang=ru

Жауап қалдыру