
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жарамдылық мерзімі өткен, жарамсыз болған, жалған, мемлекеттік тіркеуден немесе сапаны бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сақтау, тасымалдау және заңнама талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер міндетті түрде оқшауланып, таңбаланып, кейіннен жойылады.
Жою рәсімі тұрақты жұмыс істейтін комиссия арқылы жүргізіледі, ал жойылатын өнім көлемі 300 қаптамадан (данадан) асқан жағдайда мамандандырылған ұйым тартылады. Жою өнім жиналуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет жүргізіліп, актімен рәсімделеді және оның бір данасы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1257461?lang=ru

Жауап қалдыру