
Кеш барысында көрермендерге әсем әндер шырқалып, әсерлі билер мен көркем өнер көрсетіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Өнерпаздар өздерінің шығармашылық шеберліктерін паш етіп, жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.
Мұндай мәдени шаралар ауыл өнерін насихаттап, тұрғындардың рухани демалысын ұйымдастыруға, өнер мен достықты дәріптеуге зор үлес қосады.
Іс-шараға қатысып, қолдау көрсеткен барша аудан тұрғындарына және өнерпаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Өнеріміз өркендеп, мәдениетіміз мәңгі жасай берсін! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1257486?lang=kk

Жауап қалдыру