
Сіздерді Қазақстан Республикасы прокуратурасы ардагерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы мерейлі күні көп жылғы адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз, табандылықтарыңыз және таңдаған мамандыққа деген шексіз адалдықтарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Өмірлік және кәсіби жолдарыңыз – антқа, заңға және қоғамға қызмет ету қағидаттарына адалдықтың жарқын үлгісі. Қажырлы еңбектеріңіздің арқасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайтудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың берік негізі қаланды.
Мол тәжірибелеріңіз бүгінде жас прокурорлар буыны үшін сенімді бағдар болып, прокуратура органдарының озық дәстүрлерін сақтауға және жүктелген іске деген жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етуде. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Қостанай облысының прокуроры
М. Сексембаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1257445?lang=ru

Жауап қалдыру